Әлемде тұңғыш рет ұйықтаудан жарыс өтеді
Әлемде тұңғыш рет ұйықтаудан жарыс өтеді
6 жыл бұрын 3311 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында қыркүйек айында өтуі тиіс INDEX халықаралық жиһаздар мен интерьер көрмесі аясында "Ұйқымен сынау" (Sleep Challenge) деп аталатын жарыс өтеді. Бұл ерекше жарысқа қатысқысы келетіндерге қойылатын басты талап - көрме өтіп жатқан кезде жұртшылықтың көзінше тез ұйықтап қалу. Жарыс үш сағатқа созылады. Ең алаңсыз әрі ұзақ ұйықтай алған адамға арнайы жүлде тағайындалып отыр. Бұл жарысқа қатысқыңыз келсе, аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылардың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына қыркүйек айының 2-сі күніне дейін өзіңіздің тәтті ұйқыңыз туралы баяндап хат жолдайсыз. 

0 пікір
Мұрағат