Әлемде қанша солақай бары белгілі болды
Әлемде қанша солақай бары белгілі болды
4 жыл бұрын 3588 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы әлемдегі солақайлар қарасы әлем халқының 10,6%-ын құрайтынын алға тартып отыр. Бұл статистикалық мәлімет Psychological Bulletin мерзімді басылымында келтірілген. Дәлірегі, Каподистри атындағы Афина ұлттық университетінің ғалымы Мариетта Пападату-Пастоу бастаған ғалымдар әлемдегі солақайларға қатысты зерттеу нәтижесін қорытындылаған болатын. 2,3 млн-нан аса адамды қамтыған аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, солақайлар үлесі белгіленген өлшемдерге қарай әлем тұрғындарының санына шаққанда 9,3%-18,1% пайыздарының аралығында. Десе де деректерді метаталдаудан белгілі болғандай, мейлінше дәл саны 10,6%-ды құраған. Сондай-ақ, ғалымдар оң қолымен қатар сол қолын да еркін басқаратын, яғни, екі қолымен бірдей әрекетті бірдей орындай алатын амбидекстерлер қарасының шамамен 9,3%-ы құрайтынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат