Титикактық ысқырушы бақа (фото+видео)
Титикактық ысқырушы бақа (фото+видео)
2 ай бұрын 305 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Титикактық ысқырушы бақа (Telmatobius culeus) — Латын Америка құрлығындағы Боливия мен Перу арасындағы көл мен оған құятын өзенде тіршілік ететін ерекше тіршілік иесі. Жергілікті жұрт оның қатпар-қатпар әжімді терісіне қарап, әзіл-шыны аралас «Жөке бақа» (scrotum frog) атап кеткен. Титикактық ысқырушы бақа – әлемдегі суды мекендейтін ең ірі ссу бақасы: денесінің ұзындығы 14 сантиметрге дейін жетеді, ал салмағы 250 грам тартады. Ол мекен ететін Титикак көлі 3812 метр биіктікте орын тепкен. Суы тұнық әрі суық (температурасы шамамен 10°С). Есесіне оттегіге қаныққан. Сондықтан шығар, Telmatobius (андтық ысқырушы бақалар) тектес бақалар суда өмір сүретін шығар. Десе де аталмыш тектен тарайтын бақаның 49 түрінің ішінде титикактық ысқырушы бақа ғана атмосферадан толық бас тартқан. Жағалаудан көрінген емес. Титикактық ысқарушы бақаның өкпесі дене тұрқы өзімен шамалас бақалардың өкпесіне қарағанда үш есе кіші болып келеді. Аталмыш амфибия жұқа әрі көптеген капилляр тамырларымен шырмалған терісімен тыныс алады. Ал терісіндегі қатпар-қыртыс газ алмасуды арттырады. Аталмыш бақаның қан құрамында тозаң секілді эритроциттер (қызыл қан жасушасы) мөлшері көп – өзге құйрығы жоқ амфибияларға қарағанда. Бұл ерекшелік оттегіні молынан сіңіру үшін үстіңгі жағының аумағын үлкейтуге мүмкіндік береді. Титикактық ысқырушы бақаның эритроцитінде гемоглобин мол. Салыстырмалы түрде. Мұның барлығы оның тенідерінің оттегімен еркін қанығуына мүмкіндік береді. Десе де морфологиялық және физиологиялық бейімделуден өзге мінездік бейімделуі барын ескеру керек: оттегі азайғанда бақа судың түбінде аяғын бүгіп, «отырып-тұрады». Бұл әрекеті терісінің желдеткіш секілді жұмыс істеуіне септігін тигізіп, оттегімен барынша қанығуына көмектеседі. Бұл бақа түрі өзге бақалар арасында метаболизмнің (зат алмасу) ең төменгі дейгейіне ие. Бұл уақытша гипокцияны (Гипокси́я — организмде немесе кей ағзалар мен тіндерде оттегінің кемуі) жеңіл өткеруіне көмектеседі. Титикактық ысқырушы бақа уақытының көп бөлігін судың түбінде өткізеді, ұсаұ шалшық суларда жұмыртқалайды. Шаян тәрізді теңіз жануарларымен (ұлумен, құрттармен, т.б.) қоректенеді. Бақаның бұл түрі толық жойылу алдында тұрғандықтан (Critically endangered, CR). халықаралық қызыл кітапқа енгізілген. Оны жергілікті халық шипасы бар деп, медициналық мақсатта аулайды. Бұдан бөлек, тіршілік ететін ортасының тарылуынан да, оның жауы форел балығының сүйікті жемтігі болғандықтан тұқымы құрып бітуге таяды. 2015 жылы ғалымдар аталмыш көлдің Боливия жағындағы жағаулауынан шамамен 10 мың бақаның өлі денелерін тауып алған болатын. Бұған көлдің химиялық заттармен ластануы себеп болған. Яғни, онсыз да құрып бітуге тақаған бақалар уланып өлген. Адамдардың кесірінен. Бұған қоса, бақаның терісінен Batrachochytrium dendrobatidis деп аталатын патогенді саңырауқұлақ табылған болатын. Бұл паразит  бақалардың көптеп қырылуына себеп болмақ. Әзірге бақалар паразитке бой берер емес. Алайда, су ластанып, өзге де факторлардан иммунитеті әлсірейтін болса, жаппай қырылуы мүмкін. Жабайы табиғатты және жануарларды қорғаумен айналысатын ұйымдар мен белсенділер браконьерлермен табанды күрес жүргізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, 2010 жылы Боливиядағы базарлардан, т.б, орындардан бақалар тәркіленіп алған соң бұл бақаның қарасы көбейіп келеді. Сондай-ақ, 2007 жылы түрлерді сақтау бағдарламасы қабылданған АҚШ аумағындағы Денвер хайуанаттар бағында 2015 жылы әкелініп, өсіріле бастады. 

Кладка свистуна

Титикактық ысқырушы бақаның мөлдір икра ішіндегі  эмбрионы. Фото  dev.globalwildlife.org сайтынан алынған. © Arturo Munoz 

0 пікір
Мұрағат