5G артықшылығы неде?
5G артықшылығы неде?
5 жыл бұрын 6302 7kun.kz

5G технологиясы - бесінші буын мобильді телекоммуникация қызметі. Мұнда 4G технологиясымен салыстырғанда байланыс жылдамдығы жүз есе жоғары.

5G көмегімен секундына 10 гб-ға дейін ақпарат алмасуға болады. Сондай-ақ, 4G-ге қарағанда батарея қуатын аз жұмсауға мүмкіндік береді.

Қазақстан мобильдік интернеті арзан елдердің алғашқы ондығында. Әлем бойынша ең арзан мобильдік интернет Иранда болса, ең қымбаты Жапонияда екен.

5G қандай өзгеріс әкеледі?

Unian.net  сайты интернет желісінің жаңа буыны 5G-ның қандай өзгеріс әкелетінін сараптап көрді.

Ауқымы Әсері
Адам басқаруынсыз жүргізілетін көліктер Сигналдық жылдамдықтың кідірісін жою
Өнеркәсіп Өндірістік роботтардың жылдамдығы және инфрақұрылымды біріктіру
Ауыл шаруашылығы Ауылшаруашылық техникасын қашықтан басқару
Білім Шеберлік тұрғысынан VR процесін аудару арқылы визуалды оқыту
Телемедицина Белгілі бір уақытта қашықтан операциялар жасау
Қарым-қатынас Интерактивті виртуалды шындық:пайдаланушылар қашықтықта өзара іс-қимыл жасай алады
Ойын-сауық Жоғары жылдамдықты сымсыз бейне берудің жоғары жылдамдығын анықтау,VR әсерімен хабар тарату оқиғалары
Компьютерлік ойындар Көп ойыншысы бар VR ойындары
5G Қазақстанға қашан келеді?

2021 жылға дейін елімізде 5G жылдамдықтағы интернет желісі қолданысқа енгізіледі. Қазақтелеком компаниясы 5G форматын тестілуден өткізбек.

“Мобильді 5G желісін енгізу мақсатында барлық бағыттар бойынша тестілеу жүргізіп жатырмыз және 2021-2022 жылға дейін дайын технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз”, – дейді Қазақтелеком компаниясы. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан ТМД аумағында мобильді трафикті тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі. LTE желісін жергілікті халықтың 65%-ы қолданады. Желі 2 TB/с өткізу қабілеті бар талшықты-оптикалық байланыс арқылы қосылған 2,000 торапқа негізделген.

Бесінші буынның технологиялық стандарттары өздерінің бүкіл әлемде тікелей дамып келе жатқанын айта кету керек. Осы стандарттар шеңберінде өндірушілер, ірі компаниялар өз құрылғыларын 5G форматына бейімдеуді ұялы телефондардан бастап, Интернет желісі арқылы аяқталады. Қазақстанда пилоттық жоба Алматы, Астана, Алматы және Ақмола облыстарында жүзеге асырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат