2016 жыл бір секундқа ұзарады
2016 жыл бір секундқа ұзарады
7 жыл бұрын 2956 inform.kz

Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша (UTC)  2016 жылғы 31 желтоқсанда бір секунд қосылады. Гринвич бойынша 2016 жылғы  31 желтоқсанда   23:59:59 кейін  емес,   23:59:60-тан кейін 2017 жылғы 1 қаңтар басталады. Мұндай  шешімді Парижде орналасқан Халықаралық жерді айналу қызметі хабарлады, деп жазады Лента.ру. 1 секунд UTC уақыты UT1-ден ерекшеленбес үшін қосылады. Бір секунд қосу 1972 жылдан бастап тұрақты орын алып келеді. Мұндай шаралар көбінесе көбінесе жылдың маусымында және желтоқсанында орын алады. Жүйе жұмыс істеген уақыттан бері 25 секунд қосылды. Соңғы рет үйлестіру секунды 2015 жылғы 30 маусымда қосылды. Алдағы уақытта қосымша секундтар жиі енгізілетіні атап өтіледі, себебі Жердің айналуы біртіндеп баяулауда, ал UTC пен UT1 арасындағы айырма артуда.

0 пікір
Мұрағат