20 баланы асырап алған отбасы (видео)
20 баланы асырап алған отбасы (видео)
7 жыл бұрын 3371 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы 15 жылдың ішінде Зауия Уи Абдулла және Исмаил Атна есімді ерлі-зайыпты 20 баланы бауырына басқан. Балардың кейбіреуі дамуы кенжелеп қалғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Тіпті, арасында талма ауруына (эпилепсия) шалдыққаны да бар. Олардың күтіп-бағуға балалардың төртеуі қолұшын береді. Зауие – 56 жаста, ал отағасы 60-қа толған. Егде жасқа келсе де олар балалардың күтімінен шаршаған емес. "Жасымыз келіп қалса да жас ата-ана секілді екі жастағы сәби мен алты айлық нәрестені бағып-қағып отырмыз",- деді Зауия. Інілері мен қарындасын асырап алғанда Сейфолланың жасы жетіде болатын. "Таксигеде отырған бізге төрт баланы алып келгені әлі есімде. Есім шығып, тілім байланып қалды. Балалар күтімнің не екенін білмейді, аш-жалаңаш. Олардың біреуі, тіпті, биттеп те кеткен екен. Сайфол мектептегі сабақтарынан қол үзіп қалған",- деп еске алады Зауия. Тағы бір асырап алған баласын әр 2-3 сағат сайын трубка арқылы тамақтандыруға тура келеді. Оның күтімін ауырсынып отырған олар жоқ. 

0 пікір
Мұрағат