Қытайда лазерлі қару қолданысқа енгізіледі
Қытайда лазерлі қару қолданысқа енгізіледі
7 жыл бұрын 1982

Қытай Абу-Дабидегі Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінде әуеде қорғанудың лазерлі жүйесін әлем назарына ұсынды, деп хабарлады 24.kz.

«Ақырын аңшы» (Silent Hunter) деп аталатын жүйе төмен биіктікте ұшатын ұшқыш-роботтарды еш қиналмастан қағып түсіреді, деп жазады «Жэньмин жибао» басылымы.

China Poly Group корпорациясы шығарған бұл қорғаныс жүйесі қолданысқа беріліп қойған. Сипаттамасы бойынша бұл лазерлі қару нысанаға 4 шақырым жерден дәл тиіп, қирата алады.

«Ақырын аңшы» 800 метр жерден қалыңдығы 10 мм болатын бес қабат болат металды тесіп уге қабілетті.

0 пікір
Мұрағат