ЮНИСЕФ: Сирияда он бес бала суыққа шыдай алмай қайтыс болды
ЮНИСЕФ: Сирияда он бес бала суыққа шыдай алмай қайтыс болды
5 жыл бұрын 3881 Фото: aljazeera.net

ЮНИСЕФ халықаралық балалар қорының хабарлауынша, Сирия жеріндегі шатырларда (палатка) тұратын он беске жуық сириялық жас бала қыстың суығынан және медициналық ем-домның жетіспеушілігінен қайтыс болған – деп жазады aljazeera.net сайты. Олардың сегізі Йордания шегарасына жақын орналасқан Рукбан шатырларында тұрса, қалған жетеуі Сирияның солтүстік аймағынан екен. Араларында бір жасқа толмағандар да болған. Олар ауа-райының суықтығына шыдай алмай әрі десе, медициналық көмектің мардымсыздығынан көз жұмған.

Ол аймақтарда шатырларды паналайтын сириялықтардың саны бүгінде қырық бес мыңға жетіп отыр.

islam.kz

0 пікір
Мұрағат