Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады
Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады
6 жыл бұрын 2862 7kun.kz

Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады, деп хабарлайды 24.kz.

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясы президент Николас Мадуро жариялаған экономикалық шараларға қарсы. Дүйсенбі күні Венесуэла үкіметі ұлттық валюта — боливарды деноминациялап, 5 нөлін алып тастаған еді.

Жаңа ақша Венесуэлада енгізілген криптовалюта — петроға тәуелді болмақ. Ал, боливардың айырбастау бағамы 96 пайызға төмендетілгеннен кейін елдің берекесі кетті. Дүкендердің көбісі ашылған жоқ, жолақысын қалай төлейтінін білмеген жұрт, автобус аялдамаларында ұзын-сонар кезекте тұр. Венесуэла вице-президенті болса, ақша реформасынан кейін ел экономикасын тұрақтандыруға 90 күн қажет деп мәлімдеді.

Соңғы жылдары Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр. Елде инфляция. Тұрмысқа қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек тапшы. Көптеген тұрғын өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, 2 миллионнан астам адам көрші елдерге қоныс аударған.

0 пікір
Мұрағат