Венесуэла жұрты жинақ қаражатты алтын түрінде сақтауға көшті
Венесуэла жұрты жинақ қаражатты алтын түрінде сақтауға көшті
6 жыл бұрын 2019 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жинақ қаражатын алтынмен сақтайтынын айғақтайтын сертификат несие алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Аталмыш ел жұртына. Яғни, венесуэлалық азамат үшін шотындағы алтын несие алуда кепілдік орнына жүрмек. Венесуэла президенті Николас Мадуро тиісті жарлыққа қол қойып, осыған орай ел тұрғындары қыркүйек айының 11-і күнінен бастап, жинақ қаражатын алтынмен сақтауға көшті. "Біз жинақ қаражатты әлемде аса маңызды мәнге ие минералда сақтаймыз. Алтын сертификаты несие алуда сенім негізі болмақ",- деп мәлімдеді Венесуэла басшысы. Қазірдің өзінде қымбат металдың бағамы белгіленді: 1,5 салмақтағы алтын құймасы 3502 боливарға (Венесуэланың ұлттық бағамы) тең. Ал 2,5 грамдық алтын 5837 боливарға тең. Сөз орайы келгенде айта кету керек, тамыз айының 20-ы күні Венесуэлада деноминация шарасы жүргізілген болатын. Аталмыш шараға сәйкес купюрдан 5 нөл алынып тасталды. Оның бағамы венесэулалық криптовалютаға (петроға) тәуелді, оның бағамы өз кезегінде елде өндірілген мұнай бағасына қарай белгіленеді. 

0 пікір
Мұрағат