Тәжікстан тұшшы су көзінің 30 пайызынан айырылып қалды
Тәжікстан тұшшы су көзінің 30 пайызынан айырылып қалды
6 жыл бұрын 4223 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан билігі ел тұрғындарын Сарез көлінің су қорын тиімді әрі үнемдеп пайдалануға үндеп жатыр. Дәлірегі, Тәжікстан президенті Емомали Рахмонов Аралды сақтау халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кездесуінде осындай мәлімдеме жасады. Климаттың өзгеруіне байланысты Тәжікстан соңғы он жыл ішінде ел аумағындағы мұздақтың 30%-дан астамынан айырылып қалған. Сондай-ақ, ол су ресурсын басқарудың қалыптасқан құрылымын өзгертудің уақыты келгенін алға тартты. Оның айтуынша, суды пайдаланудың экономикалық тетіктерін жасап, суды үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларға көшу керек. 

0 пікір
Мұрағат