Үш терактіден де аман қалған жас жігіт
Үш терактіден де аман қалған жас жігіт
8 жыл бұрын 2549

Мэйсон Уэллс есімді 19 жастағы америкалық жас жігіт үш терактіден де аман қалған. Ол соңғы рет Бельгия астанасы – Брюссель қаласындағы әуежайда орын алған терактіден зардап шеккен 12 АҚШ азаматының арасында болған. Ол қазіргі уақытта аталған қала ауруханасында ем қабылдап жатыр. Өзі куә болған терактілердің осы соңғысы оған ауыр соқты: бірнеше жерінен жараланып, беті мен қолын үшінші дәрежелі күйік шалған. Бұл жайында АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті хабарлады. Мэйсон Уэллс Париж бен Бостон қалаларындағы терактіні де өз көзімен көрген болатын. Осы екеуінде де ол бірде-бір жарақат алмай, аман-сау қалған еді. Қазір оның беті бері қарап келеді.

0 пікір
Мұрағат