Мемдумада террористерге өлім жазасы қарастырылып жатыр
Мемдумада террористерге өлім жазасы қарастырылып жатыр
8 жыл бұрын 2564

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Дмитрий Носов бүгінгі таңда әлемді шулатып, Еуропаны қанға бөктірген террористерге өлім жазасын қолдану жөнінде қатқыл мәлімдеме жасады. Ол бұрынғы тарап кеткен КСРО-ның немесе Израилдің осы тараптағы тәжірибесін қолдануды жөн санайды. Мемлекеттік думаның қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитет мүшесі Дмитрий Носов өз мәлімдемесінде лаңкестерге өлім жазасын қолдануды қарастыратын заң жобасының дайындалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, террористермен ешқандай келіссөз жүргізілмеуі керек, оларды тек өлтіру қажет. «Қазіргі уақытта әлем мина алқабына айналған. Еуропаны дүр сілкіндірген сұмдық оқиғалар өздерінің жүргізіп отырған саясаттарының логикалық жалғасы болып отыр. Террористермен ойнауды қою керек, олардың ұяшықтарын «оппозиция», «тәуелсіздік үшін күрескерлер» деп бүркемелеп, өздерінің саяси мақсаттарына пайдалануды қою керек», - деді депутат. Осылай дей келе ол терроризмнің ақтауға келмейтін зұлымдық екеніне тоқталды. Террористерге, оларға дем берушілерге, жәрдем етушілерге және екінші мәрте қайта қолға түскен шетелдік наркодиллерлерге өлім жазасы бұлтартпайтын айғақ болғанда ғана қолдану керектігін алға тартты. Сөз реті келгенде айта кетейік, бұл елде өлім жазасына моратория Еуропа кеңесіне кірген сәттен бастап, қолданылып келеді. 1997 жылы РФ адам құқығын қорғау және өлім жазасын жоюға қатысты негізгі қағидалар қамтылған №6 конвенция хаттамасына қол қойған болатын. Бұл елде соңғы рет өлім жазасы 1996 жылы орындалған еді.  Осылайша бүкіл әлемді шарпыған терроризм қауіп-қатерінен қорғану үшін орыстар да заңдарын қайта қарастырып, қатайтуға мәжбүр болуда. 

Ресей Федерациясының стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Василий Иванов түрмелерде экстремистік идеялардың таралуымен күресу үшін экстремистерді бөлек қамауды ұсынды. Ол бұл ойын Екатеринбургтың Қоғамдық палатадағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты. 

0 пікір
Мұрағат