«Үш әйел алсаң, төртіншісі тегін» (видео)
«Үш әйел алсаң, төртіншісі тегін» (видео)
7 жыл бұрын 7463 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында көп әйел алу мәселесімен шұғылданатын академия құру турасында ұсыныс айтылды. Дәлірегі, корол Әбдіәзіз атындағы университет оқытушысы Хауазин Мырза осындай бастама көтеріп отыр. Былайша айтқанда, мұны саудиялық ноу-хау десе де болады. Оның айтуынша, бұл құрылым ер-азаматқа үш әйелді бірден алып беру мүмкіндігін қарастыруы тисі. Тарқатып айтқанда, үш неке де бір айдың ішінде қиылауы керек. Күйеу жігіттің жасы 25 пен 35 аралығында болуы тиіс. Хауазин Мырзаның сөзіне қарағанда, жоғарыдағы айтылғандардан бөлек, тағы мынадай шарттар қарастырылуы керек: біріншісі – ажырасқан әйелмен, екіншісі – жесірмен, яғни, күйеуі қайтыс болған адаммен, ал үшіншісі – оң жақта отырып қалғанымен неке қидыруы керек. Егер ер-азамат үш әйелімен де тату-тәтті отбасын құрса, тағы тоқал алуды қаласа, төртіншісі оған тегін (қалыңмалсыз) берілуі керек.

0 пікір
Мұрағат