Үндістандағы аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны мыңнан асып кетті
Үндістандағы аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны мыңнан асып кетті
2 жыл бұрын 802

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Үндістанда күннің қатты ысуынан қайтыс болғандар саны күн санап өсіп жатыр. Бүгінге дейін аптап ыстықтан мыңнан астам адам көз жұмған. Ал, ауа температурасы елдің кей аймақтарында 50 Цельсий градусқа жетті. 

Ең қатты зардап шеккендер елдің оңтүстігіндегі Телангана және Андхра-Прадеш штаттарында. Мұндай қайтыс болғандар саны өткен аптадан бері 1118 адамды құрап отыр. Ал, Үндістанның батысындағы Бенгалия мен Орисса штаттарында 24 адам көз жұмды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елдегі ауа райы қайта қалпына келіп, температура төмендейді. Ал, билік өкілдері тұрғындардан далаға шықпай, күндіз үйде жан сақтау керектігін ескертіп отыр. 

0 пікір