Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)
Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)
2 жыл бұрын 1015

Сіздерге Үндістанның Бангалор аймағында тұратын Гириджа Шринивас кішкентай 2 жасар бүлдіршін болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл сәбидің жасы 19-да. Бұл жайында nur.kz сайты шетелдік naij.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Гириджа агенезия сырқатымен туылды”, – деп жазды шетелдік naij.com сайты. Бұл сырқат оның денесінің дамуын тоқтатқан. Жеткіншектің бойы 76 см, ал салмағы 12 кг. Мұндай салмақ пен ұзындық 2 жасар балаға тән.

Қыздың сүйектері дамымай қалғандықтан, барлығымыз сияқты өсу мүмкіндігінен айырылған.

Photo: Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)

Гириджа басы ауыр болғандықтан отыра алмайды. Сол себепті, анасы әр уақыт қасында болуы керек. Дәрігерлер Гириджи Шринивастың бұл сырқатқа шалдығуына не себеп болғанын анық айта алмауда.

Photo: Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)

Өз мүмкіндіктерінің шектеулі болуынан қаймықпаған жеткіншек сурет өнеріне ден салып, болашақта ата-анасына қаржылай көмек беретін күйге жетуді армандайды. Анасы Нанда Бай бұл қиындықтарға мойымайтындықтарын және қыздың арманын жүзеге асыруға бар күштерін салатынын айтып отыр. 

Photo: Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)

“Анам маған тамақ ішу сияқты тіршіліктерде көмектесіп отырады. Алайда сурет салуда мен көмекті қажет етпеймін. Айына 5-6 суретімді сатып, 8000-10000 рупий (128-160 $) ақша тауып отырмын”, – дейді Гириджа.

Photo: Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)

Қыз бала өз ата-анасымен тұрады. Әкесі – тігінші, анасы жұмыссыз бала күтіміміен үйде отыр.

Photo: Үнділік бойжеткен танымал суретші болуды армандайды (фото)

Гириджа “ерекшелігім үшін талай рет ел-жұрттың мазағына айналғаныммен, достарым көп” дейді. 

“Мен осы ерекшелігіме бола танымал болғым келмейді. Мені жұртшылық сурет өнерінде танып-білгенін армандаймын. Елдің аяушылығы керек емес, менің қолымнан іс келетіндігін мойындағанын қалаймын”, – дейді өжет жеткіншек.

0 пікір
Мұрағат