Ұлыбританияда аспазшы-робот құрастырылды
Ұлыбританияда аспазшы-робот құрастырылды
2 жыл бұрын 985

Британиялық компания мейрамханада аспазшының орнын баса алатын роботты құрастырды. Бұл жайында nur.kz сайты «ҚазАқпартқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Роботтың жадына тағамның 2000 түрінің дайындалу үлгісін енгізген. Олар барлық қажетті өнім дайындалған жағдайда, тағамды өз бетінше әзірлейді.

Робот ингредиенттерді қосады, қамыр илейді, дайындау температурасы мен уақытын реттейді, асты араластырып, дайын болғанын анықтайды.

Аспазшы-роботтың бір сынама данасы ғана құрастырылды. 2017 жылға қарай мұндай машиналарды тапсырыс бойынша шығару көзделген.

0 пікір