Ең бақытты балалар Түркияда тұрады
Ең бақытты балалар Түркияда тұрады
9 жыл бұрын 4274

Зерттеушілер әлемнің 15 елінде 8-ден 12 жасқа дейінгі 50 мыңнан аса баланы сөзге тартып, олардың өмірге қаншалықты көңілі толатынын сұрап білген. Нақтырақ айтқанда, олардың мектеп қабырғасында, отбасында, достарының ортасында өздерін қалай сезінетінін, уақытын қайда және неге жұмсайтынын тәптіштеп сұраған екен. Бұл тараптағы зерттеу жұмысына Jacobs Foundation қоры қолдау көрсеткен. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, осындай сауалдар қойылған балалардың дені өздерін бақытты сезінетіндіктерін жасырмаған. Осы арада айта кету керек, өміріне көңілі толатын балалардың дені Түркияда тұратын болып шықты – 78%; Колумбия мен Румынияда бұл көрсеткіш – 77%; ал Оңтүстік Кореяда  40%-ды құраған.

1 пікір
Мұрағат