Ұлттық банк криптовалютаны қылмыс әлемінің ақшасына жатқызды
Ұлттық банк криптовалютаны қылмыс әлемінің ақшасына жатқызды
6 жыл бұрын 2144 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанның Ұлттық банкі криптовалютаны қатерлі қаруға жатқызды. Өйткені, виртуалды ақша террористердің өздерінің арам мақсаттарына пайдалануына қолайлы. Тәжікстанның Ұлттық банк мамандары мен сарапшыларының уәжі осындай. Нақтырақ айтқанда, бұл жайында «Озоди» ақпарат көзі аталған елдің ұлттық банкіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Криптовалюта кибершабуылға ұшырауы мүмкін немесе қаржы жымқыру және лаңкестерді қаржыландыруда пайдаланылуы ықтимал. Криптовалюта иесі қаржы мекемесінсіз операцияны жүзеге асыра алатындықтан, оны, мәселен, есірткілік заттардың саудасы үшін пайдалануы мүмкін»,- деп айтылған ішінара. Тәжікстанның Ұлттық банкі осылай мәлімдеме жасай келе криптовалютаны есеп айырысудың және төлем жасаудың ресми құралы деп мойындамайтындықтан электронды ақшамен байланысты кез келген шығын үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмайтынын, тек ескертумен шектелетінін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат