Әлемнің блокчейн астанасына айналатын қала белгілі болды
Әлемнің блокчейн астанасына айналатын қала белгілі болды
6 жыл бұрын 2385 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Smart Dubai басқармасы блокчейн проинципі бойынша жұмыс істейтін Дубайдағы мемлекеттік құрылымдарға арналған 20 жаңа сервисті жұртшылықтың назарына ұсынды. Аталмыш жобалар жол-көлік, энергетики, денсаулық сақтау және білім беру саларына қатысты қолға алынады. Smart Dubai басқармасының директоры Айша бин Бишр мәлім еткендей, биыл, яғни, 2018 жылы Дубай қаласында блокчейн-стратегиясы мерзімінен бұрын енгізілетін болды. Блокчейннің тиімділігі неде? Аталмыш технологияның артықшылығы сонда, жылына 25 млн жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Дубайдың жер департаменті, қалалық муниципалитет, сумен және электрмен қамтамасыз ету басқармасы, сондай-ақ, көші-қон мен өзге де мекемелер бұл технологияға көшіп алған. Айша ханымның айтуынша, әлем бұл технология төңірегінде әлі күнге пікір таластырып, бас қатырып жүргенде, Дубай баптыл кірісіп, қолданысқа енгізді.

0 пікір
Мұрағат