Үй тірлігіндегі әйел мешіт салдырып жатыр
Үй тірлігіндегі әйел мешіт салдырып жатыр
5 жыл бұрын 2500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Картел елді-мекенінде қаражаттың жетіспеушілігінен орта жолдан тоқтап қалған мешіт құрылысы қайта жанданды. Жергілікті үй тірлігіндегі түрік әйелі лаваш пісіріп, базарға апарып сатқаннан түскен табысты аталмыш мешіттің құрылысына жұмсап жатыр. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Осыдан жарты жыл бұрын Ұзынтарла ауданының тұрғыны үйде дайындалған тағамдардан алғашқы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізген еді. Игі мақсатта. Содан бері мұндай шара жиі ұйымдастырылатын болып жүр. Одан түскен қаражаттың көбісі мешіт құрылысының материалдарын сатып алуға кетеді. "Біз түскен қаражаттың ғибадат ғимаратын салып бітіруге жетпейтінін жақсы білеміз. Әзірге қолдан келгенін жасап жатырмыз, елімізде қаншама қайырымды жан бар көмек қолын созатын. Сол себепті, біз банкте Алла үйін тұрғызуға қажетті садақа үшін шот аштық",- деді Қарагөз. 

0 пікір
Мұрағат