Данияда мешіт құрылысына шеттен қаржы тартуға заңмен тыйым салынатын болды
Данияда мешіт құрылысына шеттен қаржы тартуға заңмен тыйым салынатын болды
5 жыл бұрын 2151 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияда жыл басынан бері ел аумағындағы діни бірлестіктерне шетелден инвестиция тартуға тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Kristeligt Dagblad мерзімді басылымы хабар таратты. Нақты қандай діни бірлестік екені айтылмаған. Десе де ең әуелі мұсылман жамағатына қатысты болуы мүмкін. Дәлірегі, ел аумағында мешіт құрылысына қаражатты шетелден тартуға тыйым салынбақ. Соңғы уақытта Копенгаген қаласында бірден үш мешіт бой көтерген болатын. Екеу түріктердің қаржысына, ал үшіншісі Катардың қаражатына салынған. Ел аумағында мешіттердің көбеюі өз кезегінде ел билігін әлгіндей қадамға итермелеуде. Ең алдымен ел қауіпсіздігі үшін. Десе де Дат халық партиясының мүшесі Мартин Хенриксен аталмыш заң қабылданса, ең алдымен ол шетелдік қаржы елдің бостандығы мен демократиясына қауіп төндірген жағдайда қолданылатынын айтып қалды. 

0 пікір
Мұрағат