Тырысқақ індетін жұқтырғандар қарасы 1 миллион адамға жуықтап қалды
Тырысқақ індетін жұқтырғандар қарасы 1 миллион адамға жуықтап қалды
6 жыл бұрын 2194 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері азаматтық соғыс толастамаған Йеменде тырысқақ індетінің кең таралғанына алаңдаушылық білдірді. Соңғы мәліметке қарағанда, аса қауіпті инфекциялық ауру жұқтырғандар қарасы 1 миллион адамға жуықтап қалған. Бұған қоса, аталған індеттен көз жұмғандар саны да өсіп келеді. БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Фархан Хак мәлімдегендей, осы уақытқа дейін екі мыңнан аса адам тырысқақтан өлген. "Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма хабарлағандай, қараша айының 12-сі күнгі дерек бойынша Йеменде 925 мыңнан аса адам тырысқақ індетін жұқтырған, 2,2 мың адамның өлімі осы дертпен байланысты болған",- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат