Тұтас бір мемлекет пластик пакеттен бас тартатын болды
Тұтас бір мемлекет пластик пакеттен бас тартатын болды
7 жыл бұрын 3407 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия пластик пакеттен біржола бас тартатын болды. Аталмыш тыйымға байланысты заң 2018 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап, күшіне енеді. Бұл жайында аталған елдің Ритейлер федерациясы кеңесінің төрағасы Мұстафа Алтынбілек мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шара Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрлысы жөніндегі министрліктің қалдықтарды жоюға қатысты жаңа ережесіне сәйкес қабылданып отыр. «Шіріп жоғалуы жүздеген жылдарға созылатын пластик пакеттер қоршаған ортаға едәуір зиян келтіреді, елдің болашағына және Түркия тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді. Біз тұтынушыларды көп қолдануға болатын сөмкелерді пайдалануға шақырамыз»,- деп айтылған мәлімдемеде. 

0 пікір
Мұрағат