Сайлауда қолдау көру үшін сиыр өлтіргендерді өмір бойы бас бостандығынан айыратын болды
Сайлауда қолдау көру үшін сиыр өлтіргендерді өмір бойы бас бостандығынан айыратын болды
7 жыл бұрын 3040 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Іштеріңіз сезіп отырған шығар, мұндай ессіз жазаны енгізген қай ел екенін. Әлбетте, Үндістан. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің Гүжарат штатында ірі қара өлтіргендер бұдан былай өмір бас бостандығынан айырылатын болады. Бұл жайында The Hindustan News ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, қасапханаға тасығандар да жазасыз қалмайды: тасыған адамның көлігі тәркіленіп, 100 мың рупий (1,5 мың доллар) айыппұл салынады. «Үкімет бірнеше қасиетті садху адамдардың ақылы бойынша 2011 жылы қабылданған жануарларды қорғау заңына түзетулер енгізді»,- деп мәлімдеді аталған штаттың ішкі істер министрі Прадипсинх Джадеджа. Аталмыш ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, билік басындағы «Бхаратия Джаната парти» партиясы мұндай түзетулерді көпшілік болып табылатын индустардың дауыс беру кезінде қолдауына ие болу үшін енгізіп отыр. Осы штаттағы сайлау 2017 жылдың қараша және желтоқсан айында өтеді. 

0 пікір
Мұрағат