Тұтас бір мемлекет интернеттен бас тартпақ
Тұтас бір мемлекет интернеттен бас тартпақ
6 жыл бұрын 3797 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алжир билігі емтихан өткізетін күндері тұтас ел аумағынан интернетті ажыратпақ. Осылайша интернетті пайдаланып, ұрлықы әрекеттердің, дәлірегі, шпаргалканы қолданудың жолын кеспек. Яғни, маусым айының 2025 күндері аралығында Алжир аумағында интернет қосылмайды. Өткен жылы аталған ел провайдерлерден интернетті өшіруді талап еткен еді, алайда, олардың бұл әрекеті нәтижесіз аяқталған болатын. Биыл аталған елден шамамен 700 мың талапкер емтихан тапсырады. Осыдан бірнеше ай бұрын, естеріңізде болса, Оңтүстік Кореяда бірыңғай ұлттық тестілеу күндерінде емтихан тапсырушыларға қандай жағдай жасалатыны, қандай талап ар қойылатыны турасында ақпарат таратқан болатынбыз. Оңтүстік Кореяда емтихан уақытында ұшақтарға ұшып-қонуға тыйым салынғаны турасында да айтып өткен едік. Басқа талаптарын былай қойғанда. 

0 пікір
Мұрағат