Түркияның өз НАСА-сы болады
Түркияның өз НАСА-сы болады
6 жыл бұрын 3150 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Уаранк ұлттық ғарыш агенттігі құрылатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Anadolu ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш агенттік 2018 жылдың соңында құрылады. Түріктердің ғарышты бағындыру бағытында қолға алынған бұл мекеме ғарыш технологиясы саласындағы жобаларға бас-көз болып отырған америкалықтардың әлемге әйгілі НАСА (National Aeronautics and Space Administration) құрылымына ұқсайды. Осы мақсатта аталған ел ғарышты игеруші мамандарды көптеп даярлауға ден қояды.

0 пікір
Мұрағат