Түркия Мекке уақытына көшеді
Түркия Мекке уақытына көшеді
8 жыл бұрын 3111

Түркия билігі бірыңғай Еуропалық уақыт ендігінен бас тартуға шешім қабылдады. Өткен жексенбіде еуропалық елдер қысқы уақытқа көшіп, сағат тілін жылжытқан болатын. Түркия биыл ондай қадамға бармады. Осылайша, аталған ел Мекке уақыты бойынша әрекет етеді. Кейбір сарапшылар Түркия билігінің бұл қадамын сан-саққа жүгіртіп отыр. Олардың айтуынша, Түркия осылайша еуропалық құндылықтардан бірті-бірте бас тартып, ислами құндылықтарға басымдық бермек.

0 пікір
Мұрағат