Түркия халқының саны 80 миллионнан асты
Түркия халқының саны 80 миллионнан асты
6 жыл бұрын 9501 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның статистикалық институты (TurkStat) осы аптаның екінші жартысында Түркия халқының саны өткен жылғы көрсеткіштен (995 654 адам) шамамен бір миллионға көбейгенін, дәлірегі, 80 млн-нан асып кеткенін - 810 525 адамды құрағанын мәлім етті. Аталған дерек көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, 2014 жылы халық санының өсімі 1,24 пайызды құраған екен, 2016 жылғы 1,6 есе өсіммен салыстырғанда едәуір баяулағаны байқалған. Сондай-ақ, TurkStat дерегінің бір жағымдысы, халық санының өсуінде жастар қарасы артқан. Яғни, 31,7 жастан 31,4 жасқа дейін түскен. Әсіресе, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде орын тепкен провинциялардағы тұрғындар есебінен жастар қарасы артқанын айта кету керек. Аталмыш институт хабарлағандай, Түркия халқының 92,5-ы қалалық жерлер мен аудан орталықтарында тұрады. Сонымен бірге, ел тұрғындарының еңбекке жарамды (15-64 жас аралығындағылар) азаматтарының қарасы өткен жылғы 1,2 пайыздан 67,9 пайызға дейін артқан. Яғни, халықтың жалпы санына шаққанда 55 млн адамға дейін көбейген. Ал 15 жасқа дейінгілердің саны 23,6 пайызды құраған екен. 65 жастағылар мен одан асқандар қарасы 8,5 пайыздан аспайды. Жалпы алғанда, Түркия демографиясы барлық көрсеткіш жағынан жағымды эаңалыққа толы. Десе де халық санының көбеюіне байланысты дамушы елдерге тән белгілі бір кезеңде орын алатын проблемалар да пайда бола бастаған: урбанизацияның жоғары қарқынмен жүруі, туу көрсеткішінің біртіндеп кемуі, халықтың қартаюы, т.б.

0 пікір
Мұрағат