Ресейде туу көрсеткіші күрт төмендеді
Ресейде туу көрсеткіші күрт төмендеді
6 жыл бұрын 3348 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Росстаттың келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы елдегі туу көрсеткіші бірден құлдырағаннан құлдырап, 10,7%ға төмендеп кеткен. Аталған мекеме мәліметі бойынша 2017 жылы РФ аумағында 1,69 млн бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш 2016-шы жылғымен салыстырғанда 203 мың балаға кем болып шыққан. 10 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш тіркелген. Мұндай жағдай 2007 жылы да (1,61 млн) орын алған болатын. Айта кетейік, туу көрсеткішінің күрт құлдырауы РФ-ның барлық өңірінде (Шешенстанды есептемегенде) орын алып отыр. Осыған қарамастан РФ халқының саны жыл қорытындысы бойынша өсім көрсеткен -146,804 млн адамнан 146,877 млн-ға дейін. Мұның өзі өзге елдерден келген мигранттар есебінен орын алып отыр. Атап айтқанда, Қазақстаннан, Украинадан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келгендер есебінен өскен. 

0 пікір
Мұрағат