Түркия азаматтығын алу жеңілдеді
Түркия азаматтығын алу жеңілдеді
6 жыл бұрын 7103 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі елдің экономикалық ахуалын ескере отырып, шетелдіктер үшін азаматтық алу талаптарын жұмсартты. Тиісті құжаттың мәтіні Түркия үкіметінің Resmi Gazete ақпарат көзінде жарияланды. Түркия азаматтығын алу үшін бұрынғыдай қалтаңда екі млн емес, 500 мың долларың болса жетіп жатыр. Сондай-ақ, түрік төлқұжатына ие болғысы келген шетелдіктер үшін жылжымайтын мүліктің құны төмендетілді - 1 млн-нан 250 мың долларға дейін. Бұдан бөлек, шетелдік Түркия азаматтығын алу үшін бұрынғыдай 100 адамды емес, 50 адамды жұмысқа алуы керек. Соңында Түркия банктерінде сақтаулы депозит мөлшері де кемітілген: бұрынғыдай 3 млн доллар емес, 500 мың доллар болуы шарт. 

0 пікір
Мұрағат