Туристері әлемнің әр түкпіріне бір жылда 130 млрд долларды "шашып" кеткен ел...
Туристері әлемнің әр түкпіріне бір жылда 130 млрд долларды "шашып" кеткен ел...
5 жыл бұрын 2455 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай туризм академиясының келтірген мәліметі бойынша өткен - 2018 жылы қытайлық туристер әлемнің әр түкпіріне саяхаттап, шетелдік сапары үшін 130 млрд долларды жұмсаған. 2018 жылы шетелде демалатын қытай азаматтарының қарасы 149 млн адамға жеткен. 2017 жылмен салыстырғанда шетелде демалатын қытай туристерінің жұмсаған шығыны 13%-ға, ал қытай туристерінің қарасы 14,7%-ға ұлғайған. Бұл ел тек тұрғындары тек саяхаттаудан көш бастап қоймай, сонымен қатар, турист тартудан да алдыңғы орынға шыққан. Биылдың өзінде, яғни, 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында қытайдың ішкі туризм нарығы 402 млрд пайда тапқан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, БҰҰ жанындағы Бүкіл әлемдік туристік ұйым мәліметіне қарағанда, 2030 жылға қарай әлемде туристер қарасы артып, 1 млрд 800 млн адамнан асады. 

0 пікір
Мұрағат