Өткен жылы әлемде қанша адам ВИЧ жұқтырып, олардың қаншауы қаза тапты
Өткен жылы әлемде қанша адам ВИЧ жұқтырып, олардың қаншауы қаза тапты
5 жыл бұрын 1924 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының ВИЧ/ЖИТС (UNAIDS) жөніндегі бағдарламасы бойынша дайындалған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, 2018 жылы әлемде 1,7 млн адамға ВИЧ-инфекциясы диагнозы қойылған. БҰҰ есебі бойынша өткен жылы әлемде жалпы алғанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар қарасы 37,9 млн адамға жеткен. ЖИТС-тен 770 мың адам бақилық болған. Десе де аталған дертке шалдыққандар мен қаза тапқандар қарасы жылдан жылға азайып келеді. Әлем бойынша. Мәселен, 2018 жылғы көрсеткішке шаққанда аталған дертті жұқтырғандар қарасы 2010 жылдан бері 16%-ға, ал қаза тапқандар саны 33%-ға кеміген. Бұған ең алдымен әлем тұрғындарының жыныстық қатынас мәдениеті мен сауаттылығының артуы, яғни, ақпаратқа қанық болғаны себеп болған. 

0 пікір
Мұрағат