Түріктер АҚШ-қа қандай қару сатады (фото)
Түріктер АҚШ-қа қандай қару сатады (фото)
6 жыл бұрын 4615 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің қорғаныс саласының техникасы мен қару-жарақ құрастыратын Best Grup компаниясы көп ұзамай, ары кеткенде үш айдың ішінде АҚШ пен БАӘ-ге TOSUN деп аталатын, қашықтан басқарылатын, брондалған әскери машинаны экспорттайтын болады. Бұл жайында аталмыш компанияның атқарушы директоры Өзгүр Деребашы мәлім етті. Сондай-ақ, ол TOSUN-ның шетелдік баламасына қарағанда алты есе арзанға түсетінін алға тартты. Сонымен қатар, аталған машинаның үш жыл бойы әскери жағдайда қолданылып, сынақтан сәтті өткенін де жеткізді. Бастан-аяқ, яғни, бірде-бір қосалқы бөлшегі сырттан тасымалданбайтын, 100% отандық өнім Tosun қарсыластың миналанған баррикадасын, оператордың баллистикалық тұрғыдан қорғалған кабинасын, қозғалтыш секциясын, т.б. бұзып-жару үшін қолданылады. Минаға да, атқан оққа да төтеп беріп қоймай, қашықтан берілген бұйрықты орындайтын әскери техника. Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта TOSUN-ның 85 данасы әскери мақсатта қолданылып жүр. Мәселен, түріктердің күрд содырларына қарсы жорығында, дәлірегі, Сирия аумағындағы Африн қаласында жүріп жатқан «Зәйтүн бұтағы» деп аталатын әскери операцияда қолданылып жүр. Соңғы уақытта қарым-қатынасына сызат түскеніне қарамастан АҚШ пен Түркия арасындағы бұл мәміле түріктердің қару-жарақ өндірісінде зор жетістікке жеткенін көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат