Иран атом флотын құруға кірісті
Иран атом флотын құруға кірісті
6 жыл бұрын 2544 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта Иранда мамандар кемелердің алысқа жүзуін қамтамасыз ететін атом реакторын жасап жатыр. Айта кету керек, Иран билігі осы жылдың бас кезінде МАГАТЭ-ге бұл жайында ескертіп қойған болатын. Яғни, суасты және судың үстімен жүзетін кемелер үшін атом реакторын құрастырып жатыр. Атом реакторы орнатылатын 15-ке дейін кеме жасамақ. Тағы бір айта кететіні, таяуда Иранда жаңа қару таныстырылған болатын: 2 мың шақырым қашықтыққа ұшатын «Кадр» баллистикалық зымыраны.

0 пікір
Мұрағат