Коммунистер енді хуэй мұсылмандарына ауыз салды
Коммунистер енді хуэй мұсылмандарына ауыз салды
6 жыл бұрын 5340 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы азшылықты құрайтын ұйғыр мұсылмандарының билік басындағы коммунистерден қуғын-сүргін көргені туралы кезінде талай хабарлаған болатынбыз. Ұйғыр имамдарын алаңға шығарып, таңғы жаттығу жасатқаны

ұйғыр мұсылмандары намаз оқитын мешітті коммунистердің үгіт-насихат пунктісіне айналдырғаны

ұйғыр мұсылмандарының ізіне түсіп, аңдығаны (тінту жүргізгені, бақылау камерасымен қадағалағаны), мемлекеттік органда жұмыс істейтін ұйғыр мұсылмандарына жұма намазына баруға, намаз оқуға, ораза ұстауға, т.б. қатаң тыйым салғаны турасында хабар таратқан болатынбыз. Естеріңізде болса.

Ұйғыр мұсылмандарының тегі бөлек делік, енді ханзуларға жақын әрі қытай мәдениетін бойына сіңіріп өскен, тек діні бөлек демесең, хуэй мұсылмандарының да басына қара бұл үйіріле бастады. Алдымен хуэй мұсылмандарына мешітте дауыс зорайтқышпен азан шақыруға тыйым салды, одан кейін мешіт салғанда дәстүрлі мұсылман сәулетінен бас тартуға шақырды. Қытай билігі осылайша қылбұрауды қатайта бастады. Ұйғыр мұсылмандарының басына туған күн хуэй мұсылмандарын да айналып өтпейтін сияқты. Коммунистер бұл тарапта мейлің қытай бол, мейлің басқа бол, исламға ерекше қырын қарайтынын осылайша аіғартып қойды. Ганьсу провинциясының солтүстік-батысында тұратын мұсылмандарға балаларына діни білім беруге тыйым салынғанын айта кету керек. «Автономды» саналатын Ганьсу провинциясының орталығы – Линься қаласында да бұл тыйым күшіне енген болатын. Жергілікті мұсылмандардың айтуынша, Қытай билігі экстермистерден қорғану үшін жаппай қытайландыру саясатын қолға алған. Ел конституциясына қайшы келсе де.

Хуэй – Қытай аумағындағы ресми танылған, азшылықты құрайтын 56 ұлттың бірі. Қытай тілі ана тілі болғанымен диалектісі бөлек, Ханафи мәзһабында.

0 пікір
Мұрағат