Тотықұсты ең көп экспорттаған Орта Азия елі
Тотықұсты ең көп экспорттаған Орта Азия елі
6 жыл бұрын 4683 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың қорытындасы бойынша Өзбекстан Ресейге тотықұсты экспорттауда алдыңғы орынға шықты. Бұл жайында өзбектердің Podrobno.uz ақпарат көзі және орыстардың "Экспортеры России" ақпарат көздері хабар таратты. Тарқатып айтқанда, Ресейге Өзбекстан аумағынан жалпы құны 22 мың долларға бағаланған 17,08 мың тотықұс жеткізілген. Ресейге тотықұс санаулы мемлекеттерден ғана импортталады: Сурин (42,6%), Гвинея (19,7%), Конго демократиялық республикасы (12,3%) және Сүлеймен аралдары (9,8%). 2016 жылдан бастап, Өзбекстан Ресейді тотықұспен "жарылқайтын" негізгі елге айналды - (40,7%). Сондай-ақ, әлем бойынша тотықұсты ең ірі экспорттайтын елдерді де айта кетейік: Оңтүстік африка республикасы, Бангладеш, Жапония, Оңтүстік Корея. 

0 пікір
Мұрағат