Тікелей эфирде Ислам дінін қабылдаған армян баласының әрекеті армяндарды шулатты (видео)
Тікелей эфирде Ислам дінін қабылдаған армян баласының әрекеті армяндарды шулатты (видео)
5 ай бұрын 2095 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан он шақты күн бұрын Түркияда тікелей эфир кезінде Артур есімді 13 жастағы армян баласы ATV телеарнасындағы телехабар барысында ислам дінін қабылдады. Армян жасөспірімінің хақ жолға түсуіне телехабарды жүргізіп отырған елге танымал дінтанушы Ниқат Қатыпоғлы көмектесті. Алайда, Артур шаһадат айтқанда студияда оның ата-анасы болмаған еді. Тіпті, Артурдың ата-анасы балаларын тікелей эфирге не үшін шақырғандарын да айтпағанын жеткізді. Десе де тележүргізуші көрермендерге Артурдың отбасымен алдын-ала кездескендерін, оларға мән-жайдан хабардан еткендіктерін жеткізген.

Сауалдарға жауап бере келе жасөспірім ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізеді әрі сол сәтте аузы ораза екендігін де тілге тиек етіп өтеді.

Дін уағызшысы жасөспірімнің тілін кәлимаға келтіріп, Артур өз еркімен есімін Ниқат деп өзгертеді. Дін уағызшысы оған Алла алдыңнан жарылқасын деп тілеп, кешке ауыз ашарға шақырады. 

Бірақ, армян жасөспірімінің бұл әрекетін өз кезегінде Түриядағы армяндар мен Армения халқы басқаша қабылдады. Мәселен, өткен аптаның сәрсенбісінде өткен Армения ұлттық ғылым академиясының шығыстану институтының баспасөз мәслихатында армяндық түркітанушы Рубен Сафрастян бұл жағдайды Түркия үшін масқара жағдай екенін мәлімдеді. Ал тегі армян түрік депутаты Каро Пайлан тележүргізушіні "баланы мәжбүрлеп исламға кіргізгені үшін" сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл жайында 1news.az ақпарат көзі хабар таратты.

Тегі армян түрік депутаты Каро Пайлан

Алайда, түріктерге қырын қарайтын армяндардың бұл байбаламы жала екенін айта кету керек. Хабарды жүргізушілер армян жасөспірімінің анасымен жолыққанда баласының өз еркімен исламды таңдағанын растаған болатын. Хақ жолға түсуі Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген армян жасөсіпірімі қазіргі уақытта ауыз бекітіп, ораза ұстап жүр. 

0 пікір
Мұрағат