Терроризмді желеу етіп, кемсітушілікке жол бергендермен күрес басталды
Терроризмді желеу етіп, кемсітушілікке жол бергендермен күрес басталды
8 жыл бұрын 2795

Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңестің (CAIR) Мичигандағы бөлімшесі федералды сот орнына екі бірдей шағым түсірді. Үкіметтің «құпия тізіміне» негізсіз іліккен мыңдаған америкалық мұсылманның құқығын қорғау үшін. Бая-аяғы 73 беттен тұратын тізімдегілерге өтемақы талап етілген. Аталған тізімге іліккен мұсылмандарды тексерусіз, тергеусіз, яғни, тиісті процессуалдық сатыларынсыз, яғни, негізсіз терроризмге қатысты күдіктілер қатарына жатқызған. Ал екінші тізім бойынша талап арыз Виргиния штатында берілген. Бұл талап арызды мұсылмандарды кемсітушіліктен қорғау жайында айтылған. Бұл жайында «Washington Times» ақпарат көзі хабар таратты. «Билік болашақта діни сенімі бойынша қылмысқа баруы мүмкін деген жалған ойдың жетегінде кеткен»,- деді  CAIR заңгері Лена Масри. Осы тізімнің кесірінен заңнан аттамайтын бейбіт мұсылмандар жапа шегіп отыр. Ұшаққа отырса да, банктен ақша алуға барса да оларға қолдан ұйымдастырылған тосқауылдарға тап болуда. 

0 пікір
Мұрағат