Террористерді іздеп, 100 мыңнан аса үйді тінткен
Террористерді іздеп, 100 мыңнан аса үйді тінткен
7 жыл бұрын 2650 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы бастау алған терроризмге қарсы ауқымды операция кезінде белгиялық полиция Брюсселдің 19 коммунасының 5-де 100 мыңнан аса үйге тінту жүргізген. Ең алдымен тұрғындарының дені Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келгендер құрайтын Моленбек және Андерлехт аудандарында тінту жүргізілген. Белгия ішкі істер министрлігі келтірген мәлімет бойынша осы елден Сирия мен Ирак аумағындағы лаң салып жүрген содырларға 600-ге тарта адам барып қосылған. Олардың көбісі соғыста өлді. 

0 пікір
Мұрағат