Қытайдың полиция бөлімшесінде қазақ имамы көз жұмды
Қытайдың полиция бөлімшесінде қазақ имамы көз жұмды
7 жыл бұрын 11042 Nur.kz

Қытайдағы Шыңжаңда этникалық қазақ имамы полиция бөлімшесінде көз жұмды. Тәртіп сақшылары имамның өзіне қол салғанын алға тартып отыр деп хабарлады RFA жаңалықтар қызметіне жергілікті дереккөз.

Хабаэ уезінде тұратын Ахмет есімді имамды Санджи провинциясының билік өкілдері қамауға алған болатын.

"Не болғанын нақты білмедік, биліктің оны не себепті  қамауға алғаны да белгісіз. Дегенмен екі-үш күннен кейін оның асылып қалғаны туралы хабар келіп жетті", - дейді жаңалықтар қызметіне дереккөз. 

"Олар имамның мәйітін отбасына қайтарды", - деп жалғастырды оқиғадан хабардар азамат.

Дереккөздің айтуынша, осыған дейін өңірде Оқан есімімен танымал қазақ имам Хабаэ округінде түрмеге он жылға қамалған көрінеді. Оған ер адамның ислам заңдарына сәйкес дәстүрлі жерлеу өткізгені себеп болған дейді дереккөз.

"Тачэн ауданында тұратын тағы бір қазақ жігіті WeChat-қа бір хабарлама жібергені үшін сегіз жылға қамауға алынғаны белгілі. Сонымен қатар, ағасына діни мағына беретін қазақ әнін жолдаған Кумул қаласындағы этникалық қазақ музыканты да сегіз жылға қамауға алынған", - деп жалғастырды дереккөз. 

"Бұл жігіттер экстремистер емес еді. Олар діни мағынадағы поп-әнді жазған болатын. Ағайындылардың бірі екіншісіне осы әнді жолдағаны үшін сегіз жылға қамалып кетті", - деп күйінді дереккөз.

Сол арада аталмыш Radio Free Asia жаңалықтар қызметі мен uyghuramerican.org сайты қаза болған имам Ахметтің 100-ден астам досы мен сыныптасын полиция қамауға алып жатқанын жазған.

"Төртінші маусым күні қамауға алынғаннан кейін асылған күйі табылған имамның қазасы туралы интернетте сөз еткен оның 100 шақты досының ізіне Қытай полициясы түсті. Енді Шыңшаңда Ахметтің ісіне назар аударған кез келген адам қамауға алынып жатыр. Олар Шыңжаң бойынша имамның 100-ден астам досы мен сыныптасын қамауға алып үлгерді. Олардың кейбірі - Шыңшаң ислам колледжінің түлектері", - дейді жаңалықтар қызметінің дереккөзі.

Дереккөздің сөзіне сенсек, билік өңірде әйелдерге ұзын белдемше киюге тыйым салған.

"52 жастағы этникалық қазақ Гүлжайна Тисак қысқа белдемше киюден бас тартқаны үшін арнайы қайта тәрбиелеу орталығына жіберілді.Елдегі кез келген жергілікті мұсылман сот шешімінсіз 15 күннен бастап бір жылға дейін аталмыш орталыққа жіберіле алады. Қарсылық білдіргендер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін", - деп жалғастырды дереккөз.

0 пікір
Мұрағат