Теледидардан тәттілерді жарнамалауға тыйым салды. Белгілі бір індетке байланысты...
Теледидардан тәттілерді жарнамалауға тыйым салды. Белгілі бір індетке байланысты...
6 жыл бұрын 9016 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда билік теледидардан бірқатар тағам өнімдерін жарнамалауға тыйым салды. Дәлірегі, балалар жиі тұтынатын тәттілерді жарнамалауға. Бұған балалар арасында семіздік індетінің етек алуы итермелеп отыр. Яғни, балалардың денсаулығы үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Бұл жайында News Turk ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің бұл тыйымын теле-радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитет қолдап отыр. Атап айтқанда, шоколад, конфет, вафли, энергетикалық тоқаштар, тәтті десерттер, тәтті печенье, пирожки, жеміс бисквиты, чипс, жеміс шырыны, энергетикалық сусындар, т.б. бұдан былай эфирден жарнамаланбайды. Жарнамалауға тыйым салынған тәттілер тізімі барлық телеарналарға таратылды. Мұндай тыйым тек балалар бағдарламасына ғана қатысты қолданылады. Ал спорттық, танымдық, т.б. арналардың зиянды тағамдар жарнамалауынатыйым салынған жоқ.

 

0 пікір
Мұрағат