Жалған ақпарат таратқандарға айыппыұл салынып қоймай, 10 жылға бас бостандығынан айырады
Жалған ақпарат таратқандарға айыппыұл салынып қоймай, 10 жылға бас бостандығынан айырады
6 жыл бұрын 3019 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзия премьер-министрі Нәжіп Разақ ел парламентіне жалған ақпарат таратқандарға қатаң жаза қарастырылған заң жобасын енгізді. Аталмыш заң жобасы бойынша жалған хабар таратқандарға 500 000 ринггит (малайлардың ұлттық валютасы – ред.), яғни, 128 140 доллар мөлшерінде айыппыұл салу әрі он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Билік Anti-Fake News 2018 заң жобасында жалған ақпарат ұғымына анықтама берген: «толықтай жалған немесе арасында жалған дерек кездесетін жаңалықтар, ақпарат, мәлімет пен есеп», бұл ұғым фильмдерді де, визуалды эффектіні де, аудиожазбаны да, әлеуметтік желіні де, цифрлы материалдарды да қамтитын болады. Бұл заң жобасының талаптары ел аумағында және одан тысқары жерде де қолданылатын болады. Егер Малайзияның мүддесіне залал келсе немесе азаматы жәбір көрсе. Десе де оппозиция өкілдері бұл заң жобасына өретүрегеліп қарсы шығуда. Олардың айтуынша, сөз бостандығына, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты билік онсыз да үлкен құзыретке ие болып отыр. «Жалған ақпаратты» желеу етіп, заңды өз қызметтерінде асыра пайдалануы мүмкін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Малайзия орын тепкен аймақта, яғни, Азияның оңтүстік-шығысында аталған елден бөлек,Сингапур мен Филиппин де «жалған ақпараттың» таралуына шектеу қоятын заң жобасын ұсынған еді.

0 пікір
Мұрағат