5 млн мұсылман Үндістаннан қуылады
5 млн мұсылман Үндістаннан қуылады
6 жыл бұрын 4622 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Ассам штатының шығысында тұратын 5 млн-ға тарта мұсылманға 1971-ші жылға дейінгі осында тұрғанын растайтын құжатты көрсетпесе, Бангладешке қуылу қаупі төніп тұр. Аталған штат билігі Үндістан азаматтарының ұлттық реестріне енгізілген тұрғындардың тізімін жариялауды ұйғарып отыр. Мұндай тізім алты жылдың ішінде алғаш рет «бангладештен заңсыз келген иммигранттарды анықтау» мақсатында жасалып отыр. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Ассам штаты билігінің бұл қадамын құптамай, сынға алғандардың айтуынша, діни азшылықты құрайтын мұсылмандарды елден аластаудың желеуінен өзге түк емес. Көз жасы әлі құрмаған Мьянмадағы рохиньялық мұсылмандардың кебін кимек. Азаматтықтан айырып, елден қуылған. Айта кету керек, Ассам штатында 32- млн-нан аса адам тұрады. Олардың үштен бірін мұсылмандар құрайды. Азаматтардың реестріне жауапты қызметкер Пратик Хаджилдың айтуынша, штат аумағындағы 4,8 млн тұрғынның өздерінің аталған жылға дейін осында тұрғанын айғақтайтын құжаты жоқ. Үндістанның премьер-министрі Наредра Моди аталған реестрге енбегендердің бәрін елден қуатынына уәде беріп отыр. Үнді билігінің мұндай қадамға баруына елдегі демографиялық ахуал итермелеп отыр. Ең басты себеп – осы. Халқының саны миллиардтан асатын елдің билігі оларға жұмыс тауып беру, жұмыс тауып бере алмаған жағдайда орын алуы мүмкін әлеуметтік наразылықтың дүмпуінен ел іргесі сөгіліп, қауіпсіздікке қатер төнуі мүмкін. Оның үстіне, мұнша халықты асырау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы шығындар, т.б. факторлар амалсыздан осындай қатаң шараны жүзеге асыруға мәжбүрлеп отырғанын да айта кету керек. Десе де жүз мығңдаған емес, бір миллион емес, мұнша көп халықты қай ел қабылдай қояды дейсің. Ел билігі бұл туралы мәлімет берген жоқ.

0 пікір
Мұрағат