Таяу Шығыста қайтсе тыныштық орнайды?
Таяу Шығыста қайтсе тыныштық орнайды?
2 жыл бұрын 746

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы алдыңғы күні, яғни, сейсенбіде Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббаспен кездесуі барысында түрік халқының Израиль басқыншылығынан жапа шегіп отырған Палестина халқына қолдау көрсете беретінін тағы бір мәрте мәлімдеді. Бұл жайында түріктердің TRT Haber ақпарат көзі хабар таратты. Түрік премьері Палестина мәселесі шешілмейінше, яғни, азаттық алып, өз алдына жеке мемлекет болмайынша Таяу Шығыстағы дағдарыстан шығу мүмкін еместігін ескертті. Түркия министрелер кабинетінің жетекшісінің айтуынша, Құдыс қаласы Палестинаның астанасы болуы тиіс. Сондай-ақ, ол Израиль билігін осы аймақтағы терроизмге дем беріп отырғаны үшін айыптады. Ал Asharq Al-Awsat ақпарат көзінің хабарына қарағанда Газа секторына арнайы ат терлетіп келген Испанияның (Испания Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде Палестина егемендігін құру туралы қарарды құптаған елдердің бірі – ред.) сыртқы істер министрі  Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо Израилдің әуе соққысынан жермен-жексен болған аш-Шажия орамында болып, жағасын ұстады. Ол арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Израиль билігінен блокаданы алып тастауды талап етті әрі испан халқының палестиналықтарға көмек көрсететініне уәде берді. 

0 пікір