Татарларға қарсы репрессиялық шаралар қолданыла бастады
Татарларға қарсы репрессиялық шаралар қолданыла бастады
7 жыл бұрын 3263 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Татарстан бойынша ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы орталықтың жасағы Қазан қаласындағы бүкіл татарлар қоғамдық орталығының кеңесіне және осы ұйымның жетекшісі Фарит Зәкиевтің пәтеріне тінту жүргізді. Бұл жайында «Коммерсантъ» мерзімді басылымының тамыз айының 32-і күнгі санында айтылған. Фарит Зәкиевтің айтуынша, 282 бабына (жеккөрушілікті немесе жаулықты қоздыру, сондай-ақ, адамның қадірін түсірумен бірдей) сәйкес маусым айының соңында қозғалған қылмыстық іс бойынша соттың қаулысы шыққан. Тінтуге рұқсат беретін. Тінтушілер аталған ұйымның жарғысы мен құрылтайшылық құжатын алып кеткен. "Болып өткен жайттың қисынсыздығына әлі сене алар емеспін. Күштік құрылымдар Татарлардың бүкіл әлемдік конгресінің өткенін (тамыз айының 2-6 күндері Қазан қаласында өткен болатын) күткен секілді. Репрессия машинасы іске қосылды",- деді аталмыш ұйым жетекшісі аталған ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. "Ұлттық қозғалысты біржола құрту науқаны" басталғанын тілге тиек етті ол артынша. Күштік құрылымдардың бұл оғаш әрекетін татарлардың аталмыш ұйымының өкілдері мына жайттармен байланыстырып отыр: 1. 2016 жылы өткен "Татар тілі Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде 25 жылдың ішінде неге қалыптастады?" деп аталатын конференция. Аталған жиынның қорытындасы бойынша республиканың тіл саясаты, нақтырақ айтқанда, орыс тілінің Татарстанның мемлекеттік басқарудағы басымдығысынға алынған қарар қабылданған еді. 2. 2015 жылы өткен татар тілін қорғау пикеті. Күштік құрылымдар сол кездегі лозунгтен "экстермистік сарынды" аңғарып қалған. Бұған қарсы татарлар бірінші вице-премьер Игор Шуваловтың "Татарстанда тұратын әр тұрғын ұлтына қарамай татар тілінде сөйлеуі тиіс" деген 2013 жылы айтқан сөзін пайдаланған еді. Саясаттанушы Сергей Сергеев күштік құрылымдардың бұл әрекетін Татарстан мен РФ арасындағы құзыреттілікті шектеу туралы келісімшартпен байланыстырып отыр. Яғни, Кремль Татарстанның РФ құрамындағы басқа субьектілерге қарағанда берілетін ерекше мәртебесіне қатысты келісім-шартты ұзартудан бас тартқан болатын. 

0 пікір
Мұрағат