Кәрі құрлықтағы демографиялық апат
|
Еуропа, былайша айтқанда, отбасы құндылықтары ұмыт болған кәрі құрлықты демографиялық апат жайлады. Туу көрсеткіші жылдан жылға құлдырап барады. Еуропаны есесіне мұсылман елдерінен келген мигранттар саны көбеюде. Осылайша, демографиялық апаттың алдын алуға септесіп жатыр. Кейін, тіпті, көп ұзамай кәрі құрлықты мұсылмандар жайласа, оған таң қалуға болмайды. Сарапшылар "демографиялық суицид" деп атаған бұл әлеуметтік дерттен еуропалық саясаткерлер айығудың жолдарын іздестіріп жатыр. Centro Machiavelli зерттеу институтының есебіне қарағанда, Еуропадағы демографиялық ахуал оңалмаса, яғни, осылай жалғаса берсе, 2065 жылы мигранттар саны 22 млн адамға жетеді, яғни, салыстырып айтқанда, Италия халқының 40%-нан астамын құрайтын болады. Германияны алайық. Аталған елдегі бес жастан кіші балалардың 36%-ы мигранттарға тиесілі. Өткен жылы ЕО-ға мүше 28 елдің 13-де өлу көрсеткіші туу көрсеткішінен асып түскен. Егер иммигранттар болмаса, Германия халқы 18%-ға, ал Италия тұрғындары 16%-ға азаяды. Десе де Еуропа экономикасы шатқаяқтамасы үшін демографиялық өсіге мұқтаж. Оны мигранттар есебінен толтыруға мәжбүр. Ал мигранттар өз кезегінде өз құндылықтары мен дүниетанымын таңып отыр. Яғни, алдағы уақытта Еуропа мұсылмандар құрлығына айналатынын батыс сарапшылар жоққа шығармайды. Африкадан ағылғандар да Еуропадағы демографиялық ахуалға әсерін тигізіп жатыр. Голландық аты-шулы исламофоб саясаткер Герт Вилдерстің өсіріп айтқан күннің өзінде, алдағы 30 жылдың ішінде Еуропадағы африкалықтардың қарасы 1 млрд адамнан асып кетеді. Бірірккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша шығыс Еуропада да жағдай оңып тұрған жоқ. Өткен жылы шамамен 292 млн адамды құраған Бұл көрсеткіш 1990 жылдардың бас кезіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 18 млн адамға кеміп кеткен. Яғни, қазіргі уақыттағы тұтас Нидерланды халқының жойылып кетуміне пара-пар көрсеткіш. Ел арал мемлекетте, яғни, Жапонияда демографиялық ахуал қалай? Халқы қартайған күншығыс елі демографиялық ахуалды еуропалықтар секілді сырттан мигрант кіргізбей өз күштерімен шешуге талпынып жатыр. Айта кетейік, бұл ел тұрғындарының 40%-ы 65 жастан асып кеткендер құрайды. Жұмысшы күші азайып келе жатса да экономикасы әлі сыр берген жоқ. Жапонияның тұрғындар және әлеуметтік қауіпсіздік ұлттық институтының зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2040 жылға қарай шағын қалалардың халқы жартысына дейін кемиді. Енді 15 жылдан кейін 20 млн үй қаңырап бос қалады екен.