Тақ мұрагерінің абыройы айрандай төгілді (фото)
Тақ мұрагерінің абыройы айрандай төгілді (фото)
6 жыл бұрын 6883 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда ғана әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Саудияның тақ мұрагерінің сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресі туралы, коррупцияға қарсы науқан аясында жүздеген ханзаданың басына бұлт үйіріліп, тұтқындалғаны туралы жарыса жазған еді. Әлем назарын өзіне аударған Саудия жеріндегі бұл маңызды оқиғаның бел ортасында жүрген тақ мұрагерінің немен күрессе, сол күресін белінен сызып, бір-ақ жалмап-жұқтап жоққа шығаратын абыройсыз тірлігімен тұтылды. Қандай дерсіз? Болашақта Саудияны ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстайтын тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман 2015 жылы 300 млн долларға сатылған, сол кезде әлемдегі ең қымбат үй саналған француздардың Chateau Louis XIV қамалының қожайыны атанды. Иелігінде 23 гектар бағы бар, Париж қаласының іргесінде орын тепкен особнякты Таяу Шығыстан біреудің сатып алғаны турасында қауесет тараған болатын.

Аталған қамал сатылғанда. The New York Times мерзімді басылымының тілшілері қарап жатпай, індете іздеген ғой иесін. Бұған қоса, Саудияның тақ мұрагері 500 млн долларға яхта мен әлемге әйгілі Леонардо да Винчидің картинасын 450 млн долларға сатып алғаны да белгілі болды. Аталған мерзімді басылым саудиялық ханзаданың бар мүлік-мүкәмалын шотқа салып, жіпке тізіп бергенімен қоймай, оның бұл әрекеті коррупцияға ымырасыз күрес ашқан реформатордың имиджін жермен-жексен ететінін жеткізіпті Орталық барлау басқармасының бұрынғы аналитигі Брюс О. Ридель.

0 пікір
Мұрағат