Тақ мұрагері: "Ресейдің мұнай қызығын көретін уақыты аз қалды"
Тақ мұрагері: "Ресейдің мұнай қызығын көретін уақыты аз қалды"
6 жыл бұрын 2478 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігінің мәлімдеуінше, енді бір санаулы жылдан соң, дәлірегі, 2030 жылға қарай мұнай өндіретін бірқатар ел, соның ішінде, Ресей де бар, мұнай нарығындағы позициясынан айырылады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Bloomberg ақпарат көзіне сұхбат берген Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед Салман әл-Сауд ешкім күтпеген осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, 2030 жылға дейін мұнайға деген сұраныс жылына шамамен 1-1,5%-ға артып отырады. Осыған байланысты мұнай қоры аз қалған елдер нарықтағы позициясынан айырылады, Қытай нарықтан кетпесе де позициясы әлсірейді. Ал Саудия бұл тарапта өз позициясын одан ары нығайтпақ. Мәскеу қаласында өткен ресейлік энергия апталығында мінбеден сөз алған Саудия энергетика министрі Халед әл-Фалех Саудияның соңғы үш айда тәулігіне өндірілетін 400 мың мұнай баррелін 10,7 млн-ға дейін арттырғандарын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты мұнай экспорты 700 мың баррелден 7,7 млн барралге дейін өскенін де жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат