Тәліптер күшейіп келеді
Тәліптер күшейіп келеді
7 жыл бұрын 3409

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы халықаралық көмекті үйлестірумен айналысатын басқармасының мәліметі мен мәлімдемесіне қарағанда, әлемнің көптеген елінде террористік топ саналатын, ал өз елінде Ауғанстанды сыртқы күштерден азат етуші қозғалыс деп білетін тәліптер күшейіп келеді. Аталған дерек көзі келтірген дәйекке сүйенсек, осы жылдың бас кезінен бері тәліптер Ауғанстанның үкәмет әскерімен қақтығысуы жиілеп, 22 пайызға артқан. Әзірге үкімет әскері барлық орталық провинцияларын бақылауда ұстап отыр. Десе де тәліптердің басып алған жер аумағы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ішкі миграция, яғни, босқындар қарасы едәуір көбейген. Тек 2016 жылдың өзінде ғана 580 мыңнан аса адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Айта кетейік, НАТО альянсына мүше елдер ауған билігіне үкімет әскеріне қолдау білдіруі үшін 390 млн доллар бөлетін болып келісті. 

0 пікір
Мұрағат